Түркістан: арыстық 4010 бала жаз бойы лагерьде демалатын болды
Биыл жазда Арыстық 4010 баланы жазғы лагерьге жіберу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Әбдіхан Мұсаев мәлімдеді.
Биыл жазда Арыстық 4010 баланы жазғы лагерьге жіберу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Әбдіхан Мұсаев мәлімдеді.
Мақтааралды көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығы Мырзакенттің келбетін ашатын бірнеше әлеуметтік орындардың құрылыс жұмыстары қызды. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған демалыс аймағында тұрғындардың сейіл құрып, тынығуына жағдай жасалуда.
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 13 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Деморгафиялық өсу қарқыны аса жоғары аймақта соңғы қырық жылдың ішінде алғаш рет осындай көлемде баспана салынуда. Әр үйдің тұрғызу үшін қазынадан 396 миллион теңге бөлінді. Осындай ауқымды құрылыстың арқасында баспана кезегін күткен 500-ден астам отбасы тамыз айында пәтерлі болмақ.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің мамандары Арыс қаласындағы 8-ші секторда төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы алу бойынша 645 отбасы, 3020 тұрғыннан құжаттар жинақтап үлгерді. Бұл туралы секторға жауапты аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков хабарлады.
Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысын аралап, сапасын тексерді.
Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға алғашқы күннен бастап 180 ерікті практик-психолог пен педагог-психолог көмек көрсетуде. Себебі мұндай ауыр соққы алған сәбидің күні ертең қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін.
Апаттан зардап шеккен арыстықтарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен көмек келуде. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы бүкіл республикалық акцияға айналды деуге болады.
Бүгін Арыс қаласында орын алған оқыс оқиғадан зардап шеккен 100-ден аса бала Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» және Жуалы ауданындағы «Тау Самалы» сауықтыру лагерьлеріне аттанды.