Понедельник, 01 Июль 2019 13:23

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Арыста қай аудан жұмысты ұйымдастыра алмаса, жауапты адамды жұмыстан босатамын»

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізді. Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлекреспубликаның барлық облыстарының өкілдері қатысты

Күн тәртібінде Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі қаралып, атқарылатын жұмыстар пысықталды. Мәжілісте аймақ басшысы аудан-қала басшыларына тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Сондай-ақбасқа облыстың өкілдеріне де нысандарды жөндеуді мерзімінен кешіктірмей атқару керектігін пысықтады. «Мен осында бір ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан немесе қала жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаса, жауапты адамды жұмыстан босатамын. Алжауапты облыстар салғырттық танытса, Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Демек, темірдей тәртіп болған жерде Арыс шаһарын қайта қалпына келтіру жұмыстары мерзімінен кешікпей, жүйелі атқарылады деп сенеміз.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 815 times