Среда, 03 Июль 2019 14:32

Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әрбір сектордың жұмысын жіті қадағалап отыр

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқансекторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады. Өңір басшысы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмыстобымен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін айтты. 

Кейін Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеуден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көрді. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енетінін жеткізді.

Айта кетерлігі, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген. Оның ішіндеЖамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген. Бұден бөлек14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлердіқалпына келтіру жұмысына белсене кіріскен. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқаруда.

Сонымен қатароблыс әкімі Атырау облысына қарасты 1-сектордың жұмысымен танысты. Атыраулық аймаққа 450 нысан қарайды. Батыстық 9 компаниядан 200-ге жуық жұмысшы жөндеу жұмыстарына белсене кіріскен. Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын уақытында сапалы етіп аяқтауды жеткізді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 858 times