Пятница, 05 Июль 2019 14:36

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында әдеп жөнінде семинар-кеңес өтті

Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтаарал ауданына арнайы іссапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу. 

Семинарға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров, аппараттың қызметкерлері, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында Әмірдин Мұхиденұлы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп кодексі талаптарының орындалуы барысы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жиында мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтылды. Семинар барысында қатысушылар әдеп уәкіліне көкейіндегі сұрақтарды қойып, жауаптарын алды.

Жиын соңында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындарын жеке қабылдап, түрлі өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 839 times