Жиынның басты мақсаты – халыққа ақпараттық, идеологиялық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ел басына түскен қиын сәтте бірлігіміз бен ынтымағымыздың бекемдігін, мызғымастығын сақтау жолында бірлесе жұмыстар атқару. Облыс әкімінің кеңесшісі алдымен Арыс қаласын қайта қалпына келтіру, тұрғындардың қажеттілігін орындау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. «Қазіргі таңда Арыста құрылыс жұмыстары қарқын алып, халыққа гуманитарлық көмек тұрақты түрде беріліп келді. Тұрғындарға берілетін әлеуметтік көмектің 5 бағыты анықталды. Аталған бағыттар бойынша жұмыс атқарылуда», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Сондай-ақ жиында сөз алған облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан түрлі жалған ақпараттарға сенбей, барлық жұмыстардың жүргізілу барысына көз жеткізулерін сұрады.
Жиналған қоғам белсенділері мен арнайы ұйым мүшелерінің ойлары бір жерден шығып, қаладағы әрбір аймаққа белсенді азаматтар арасынан өкіл тағайындап, халықпен тікелей жұмыс атқару бойынша ортақ келісімге келді.
Жиын соңында Ұласбек Сәдібеков қалалық мәслихат хатшысы, «NurOtan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарымен бірге «NurOtan» партиясы Арыс қалалық филиалы ғимаратында бас қосып, осы жұмыстардың жүргізілу барысын қадағалап отыруды қолға алатынын жеткізді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.