«Атырау, Павлодар облыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай үйлерді бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде. Уақытты жоғалтып алдыңыздар. Құрылысы басталмаған үйлер де бар. Тұрғындармен тіл табысып жұмыс істеу қажет.Тездетіп жұмыс қарқынын үдетпесеңіздер, үлгермейсіздер», – деді облыс басшысы.
Жалпы, Арыс қаласында 8466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы – 315. Зақымданған үйлер саны 7157 болса, ақау актсі жасалған жеке үйлер саны – 7350. Қазіргі таңда 4945 үйде жөндеу жұмыстары жүруде. 2048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, үй иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталмақ. 17 секторда бас-аяғы 7649 маман жұмыс істеп жатыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.