Понедельник, 12 Август 2019 13:05

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі тұрғындармен кездесті

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ошақты, Қошқарата, Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Оған аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім басшылары және аталған округ тұрғындары қатысты. 

Басқосу аталған ауыл округтерінің әкімдерінің ағымдағы жылдың алты айында атқарған жұмыстарымен танысып, алдағы жоспарларын халықпен бірге тыңдау мақсатында өткізілді. Округте өткізілген жиын барысында ауылдық округтер әкімдері өздері басқаратын аумақта атқарған жұмыстары жайлы баяндамасын слайд арқылы көрсетіп, толық есебін берді. Сонымен қатар кездесуде тағы бір көтерілген мәселе, аталған округтер аумағына жауапты учаскелік полиция уәкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары баяндалып, аудан прокуроры тарапынан тиісті тапсырмалар берілді. Жиын соңында халық көкейде жүрген сұрақтарын ауыл әкімдері мен аудан әкіміне бетпе-бет жолдап, сол мезетте көтерілген мәселелер жайлы тиісті жауаптар берілді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 889 times