Четверг, 15 Август 2019 13:33

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №4 сектордың жұмысы қарқынды

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев Арыс қаласындағы ауданға және Маңғыстау облысына бекітіліп берілген нөмірі №4 секторда болып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Қазір аталған секторда жұмыс қарқынды. Аудан басшысы Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге құрылысы жүріп жатқан үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Олардың өтініш-тілектерін тыңдады. 

Айта кету керек, Арыс қаласындағы № 4 сектордағы үйлердің саны - 331. Оның 279-ы зақымданған. 4 үй тұруға жарамсыз болып танылған. Бас-аяғы 60-тан астам жұмысшы зақымданған үйлердің шатырларын, терезелерін ауыстырған. Сырттарын сырлап, басқа тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізген. Бүгінгі таңға жұмыстың дені аяқталған. Сонымен қатар жұмысшылар аулаларды, көше бойларын құрылыс қалдықтарынан және басқа да қоқыстардан тазартуды қолға алған. Сонымен қатар №4 сектордағы тұрғындардың алды тиісті 100 мың теңгелерін де ала бастаған.

Бұдан бөлек құрылысшылар үйлердің аулаларын, көшелерді ескі құрылыс материалдарынан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартуды қолға алды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 983 times