Четверг, 15 Август 2019 03:34

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға оқытып жатыр

Аудан әкімі аппараты тарапынан халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Еgov, Opengov, Е-commerсе бағыттары және Тelegram мессенджерінде «EgovKzBot» көмегімен қызметтерді алу бойынша оқыту жүргізілуде. 

Бекітілген кестеге сәйкес, барлық ауыл тұрғындарын семинарға қатысуға шақырылып жатыр. Семинарда ХҚКО-да алынатын қызметтерді ұялы телфон және өзін-өзі қызмет бұрыштары арқылы қызмет алу үйретіледі. Семинардың өтетін күні де алдын ала хабарланған. Мәселен, Қызылқия ауылы, «Комсомол» жалпы орта мектебі, 13.08.2019 жыл; Қақпақ ауылы, «Қызылтаң» жалпы орта мектебі, 14.08.2019 жыл; Тұрбат ауылы, «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебі, 15.08.2019 жыл; Алтынтөбе ауылы, Ө.Жамалов атындағы жалпы орта мектеп, 16.08.2019 жыл; Көкібел ауылы, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебі, 20.08.2019 жыл; Жігерген ауылы, Абай (Ж) атындағы жалпы орта мектебі, 21.08.2019 жыл; Жаңабазар ауылы, Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей, 22.08.2019 жыл; Сынтас ауылы (Қарабау а.о.), Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп, 23.08.2019 жыл; Шарапхана ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі, 27.08.2019 жыл; Рабат ауылы (Қ.Әбдәлиев а.о.), П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі, 28.08.2019 жыл; Шанақ ауылы, Абай (Ш-қ) атындағы жалпы орта мектебі, 29.08.2019 жыл.

Осы мекенжайлар бойынша қалың бұқара цифрлық сауаттылық курстарынан өте алады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 950 times