Понедельник, 19 Август 2019 14:49

Түркістан қаласының әкімі шаһардың 11 жасар тұрғынымен кездесті

Түркістан қаласының 11 жасар тұрғыны Нұрболат Тасболат қала әкімі Рашид Аюповпен кездесті. Саттар Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаттың оқушысы көшелердің біріндегі қоқысты жинап, қалаға деген сүйіспеншілігін білдірген екен. 

Баланың суреті әлеуметтік желілерде пайда болды. Бүгін қала басшысы Р.Аюпов жас патриотқа алғыс хат және мектепке қажет құралдар салынған рюкзак табыс етті. «С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаты» КММ-нің 6 «б» сынып оқушысы Тасболат Нұрболат – оқу екпіндісі, көп балалы (5) отбасынан шыққан, тәрбиелі оқушы. Мектепте де қоғамдық жұмыстарға жақсы қатысады. Ата-аналары еңбекқор жандар, мінезі ашық, достары мен сыныптастарымен жақсы араласады. Мектепте «Сөз маржаны» үйірмесіне қатысады», - деді аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалбибі Арқабаева.

Айта кетейік, жақында Түркістан қаласында жалпы республикалық #Birge#TazaQazaqstan акциясы өтті. Жүздеген тұрғын қала көшелерін тазалауға шықты. Сондай-ақ апта сайын қалада сенбіліктер өткізіліп тұрады. 

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 750 times