Ауыл әкімінің мәлімдеуінше, Қарақұм ауылы аумағында биыл 50 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Суармалы жер 40 гектарға ұлғайтылып, "Сыбаға" бағдарламасымен асыл тұқымды 25 ірі қара мал алынған. Жыл басынан бері мал бордақылайтын 2 алаң іске қосылған.
Ауыл әкімінің баяндамасында көрсетілгендей, тартылған инвестиция көлемінің төмендігі, атаулы әлеуметтік көмекке өтінім берген отбасылардың көптігі аудан басшысының назарын аударды. Сондай-ақ Әліпбек Шәріпбекұлы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сауықтыру орындарына бөлінген жолдамалардың дұрыс үлестірілуін өз қадағалауында ұстайтынын жеткізді. Ауыл әкіміне бірқатар кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды аудан әкімі аппаратының басшысы Мейрамбек Ақмұратовқа жүктеді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.