- Жолдауда азаматтық қоғам туралы айтылды. Яғни қоғамның әр мүшесі қоғамдық шараларға қатыса алады. Мәселен, биыл жастар жылында 29 адамнан тұратын Жастар мәслихаты құрылды, - деп Қ.Нұртай жастарды белсенді болуға шақырды.
Ал заң ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Есенәлиев:«Заман талабына сай тиімді мемлекет құру үшін қоғам мен мемлекеттің аражігін ажыратып алу керек» - деді. "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет". Біз осы мақсатқа жету бағытындағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет", - деді ол.
Айта кетейік, ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Текебаева, Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов те сөз сөйлеп, жиынға қатысушылармен пікір алмасты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.