Четверг, 24 Октябрь 2019 17:48

Шымкент: Вице-премьер Б.Сапарбаев қоғам өкілдерімен кездесті

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевпен бірге Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Ү.Бисақаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов қатысты. 

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жайын талқылады."Алдағы үш жылда қазына қаржысының 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады. Оның ішінде тек атаулы әлеуметтік көмек үшін биыл 250 миллард теңге қаржы жұмсалды. Үкімет 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Сондай-ақеліміздегі дарынды балаларды оқытуға барынша жағдай жасау үшін «Ел үміті» жобасы іске аспақ. Жоба аясында ауыл-аймақтарда дарынды балаларға арналған оқу орындары салынады", - деді Б.Сапарбаев.

Жиын барысында вице-премьер өңірлердегі қоғамдық кеңес жұмысын жандандыруды айтып өтті. Бердібек Мәшбекұлының сөзінше, қоғамдық кеңес мүшелері тиімді жұмыс істесе, елде әлеуметтік сипаттағы мәселелер азаяды.

Кездесуде қала тұрғындары өздерін мазалап жүрген сұрақтарды вице-премьер мен министрлерге қойды.Одан бөлек Б.Сапарбаев жеке қабылдау өткізіп, ардагерлермен кездесті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 779 times