Среда, 06 Ноябрь 2019 15:29

Шымкент: Қала әкімі Франция елшісімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Жүздесуде тараптар аймақтың экономикалық дамуы мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру бағыттары жайында әңгімелесті. 

Шаhар басшысы Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын тілге тиек етті. Басқосуда Е.Айтаханов қазіргі таңда өңірімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалынып отырғанын еске салды. Сондай-ақ Шымкент қаласының Франциямен түрлі салада қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз француздардың қаншалықты саяхатқа құмар халық екенін жақсы білеміз. Осыған орай Сіздерді келер жылы қаламызда дүбірлі етіп атап өткелі жатқан іс-шараларға шақырамын. Атап айтар болсақ, Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болады, оған қоса әлемдегі «екінші ұстаз» Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақынымыз Абайдың 175 жылдығы да жоғары деңгейде тойланады. Туристер үшін таптырмас іс-шаралардың қадірлі қонағы болыңыздар. Бүгінде Шымкент – мегаполис қала. Осыған байланысты біз кез келген сала бойынша Францияның инвесторларына қолайлы жағдай жасай аламыз. Экономикалық, мәдени байланыстарымызды одан әрі өрбіткіміз келеді. Халықтың танымын арттыру мақсатында Францияның Шымкенттегі кино апталығын да ұйымдастыруды ұсынамын», - деді қала басшысы.

Жиында Франция елшісі қаланы цифрландыру, көлік қозғалысын жеңілдету және қауіпсіздік шараларын жақсарту бойынша «IDEMIA» француздық компаниясының «Safe city/Қауіпсіз қала» атты жобасымен таныстырды.«Бүгінгі қоғам өте қарқынды дамуда. Оғанілесіпотырузаманталабы. Алкөштенқалмай, қарым-қатынасымыздынығайтуүшінбізбір-біріміздіңтілдеріміздіжетікбілуімізқажет. Ғылым саласында және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуымыз керек», - деді Ф.Мартинэ.

Кездесу соңында тараптар «Франкофония көктемі» аясында Шымкент қаласында француздық гастрономиялық фестивалін өткізуді жоспарлап, Шымкент пен Франция арасында өзара тиімді инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамытуға сөз байласты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 890 times