Келесі кезекте аталмыш елді мекенде орналасқан «Самұрық» аяқ киім шығару цехында болды. Цехтың жұмыстарымен танысқан аудан әкімі сонда жұмыс атқаратын әрбір қызметкермен жеке сөйлесіп, цех басшысына халыққа тиімді бағамен сату керектігін және сапалы отандық тауар өндірушілерді әрқашанда қолдайтынын айтты.
Бұдан кейін Жамантай Бейсенбаев Шаблан Ділдәбеков ауылы «Бірлік» мәдениет үйінің тарихи музейінде болып, ондағы тарихи көне жәдігерлермен танысты.
Жұмыс барысының соңына қарай аудан әкімі аталмыш округте орналасқан Сұлтанбек Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебінің оқу базасына барып, мектептің жылу маусымына дайындықтарын тексеріп, Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдық мерейтойына орай ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.