Пятница, 15 Ноябрь 2019 19:11

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Бірлік ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев Үсенұлы мен «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Марқабай Есіркепов тиісті бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Жүздесу барысында ауыл округіндегі ауыз су проблемасы, көшелерге шағал төсеу мен жарықтандыру, басталған көше жөндеу құрылысын аяқсыз қалдырмау, көпір жөндеу, оқушыларды тасымалдауға көлік бөлу, айналма жол ретінде берілген Абай-Бірлік бағытындағы бүлінген жолды жөндеу, электр жарығы, аудан орталығынан тасымалдау көлігін ұйымдастыру, мектеп жөндеу, бастауыш мектеп салу мәселелері көтерілді.

Аудан әкімі А.Есбаев көтерілген мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, бірқатар мәселелер бойынша зерделеу және ұсыныстар беру жайлы тиісті бөлім және мекеме басшылары мен ауылдық округ әкіміне нақты тапсырма берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1139 times