Вторник, 10 Июль 2018 04:51

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды

Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілгелі мұнда кадрлық ауыс-түйістер орын алып жатқаны белгілі. Соның бір дәлелі, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды.

Сонымен бірге, Түркістан облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне де жаңа басшы тағайындалғанын айта кетейік. Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Шымкент қаласының және Түркістан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды. Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаметінің бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды. Досмағамбетов РФ Свердлов заң институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды. Абдранбаев ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған. Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1735 times