Үшінші мегаполис атанған Шымкенттің жаңа тынысы ашылғанын атап өтті. Қазірдің өзінде қаламызға ірі инвесторлар қызығушылық танытуда. «Қазіргі таңда әкімдіктің мемлекеттік басқару жұмысын жүйелеу басты орында. Әрине, тұрғындар жоғары өмір сүру деңгейін күтіп отыр. Халықтың табыс көзін ұлғайту, жұмыс орындары, білім, мәдениет – жан-жақты даму сатысын жасауға барынша тырысамыз» - деді Әбдірахымов.
Сонымен қатар, жиын барысында Шымкент қаласының әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан 16 азаматқа «Астанаға - 20 жыл» мерекелік медалін табыстады. Олар:
1. Архабаев Нұрлан Төлепбергенұлы - «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы;
2. Әбдіраманов Аманәлі - зейнеткер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген металлург, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы»;
3. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы - Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы;
4. Есенқарақызы Ханбибі - Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі;
5. Жанбосынов Бейсенбек Керімбекұлы - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
6. Жазыхбаева Гүлия Лесбекқызы - «№8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры;
7. Исхахов Талғат - «Бал-Текстиль» ЖШС-ның директоры;
8. Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директоры;
9. Құлмәжітов Шәки Нұртайұлы - Еңбек ардагері;
10. Мамбетов Марат Сұрағанұлы - Еңбек ардагері, «Семей-сынақ» ҚБ мүшесі;
11. Орынбасар Құралбай Орынбасарұлы - Шымкент қаласы №10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы;
12. Оралбаева Зәуре Абдухамитқызы - «Отырар» телеарнасының бас редакторы;
13. Тажиев Оңғар Ізбасарұлы - «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы;
14. Үндемесов Оңғарбай Салхауұлы - Шымкент қаласы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры;
15. Шыныбекұлы Өмір - А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің мұғалімі;
16. Эралиева Бахриниса Исмаилкуловна - Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта мектебінің мұғалімі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.