Ғабит Патшаханұлы 1977 жылдың 22 наурызында дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандығы – заңгер.
Еңбек жолын 2000 жылдары Каспий экологиялық прокуратурасында маман болудан бастаған. Кейіннен Каспий экологиялық прокуратурасы прокурорының көмекшісі міндетін, Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі міндетін атқарды. 2001 жылдан бастап «Астана Интернационал» ЖШС-де заңгер болған. Ал 2002-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратында түрлі қызметтер атқарды.
2016-2018 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі лауазымында қызмет атқарды. Бұл жылдардағы тыңғылықты тірліктері жұртшылықтың есінен әлі шыға қойған жоқ. Ал 2018 жылдың наурызынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген болатын.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.