Среда, 18 Июль 2018 12:28

Шымкенттік жастар қаланы көгалдандыруда белсенді

Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мамандары жас еріктілерден құралған «Жасыл ел» жасақтарымен бірге «Жастар және Жасыл ел» атты қаланы көгалдандыру акциясына қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын жасалған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама еліміздің әр өңірінде жүйелі жүзеге асып келеді. Осыған орай Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласында құрылған “ЛТД Тұрмыс” ЖШС-і және “Жасыл қала” ЖШС-і арқылы қаламыздағы Бадам өзені бойы, Қонаев даңғылы және Бауыржан Момышұлы, Төлеген Айбергенов, Желтоқсан көшелерінде жұмыс атқарып жүрген 80-ге жуық «Жасыл ел» еңбек жасағының бір күндік жұмыс барысымен танысты.

«Жасыл ел» бағдарламасы жаз­ғы маусым кезінде студентжас­тар­ды жұмыспен қамтуда. Жасылелдіктер елдің тек қана көгалдануы мен тазалығын сақтауға ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді», — дейді қалалық жастар орталығының қызметкері Шоқан Жанәбілов.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 922 times