Среда, 18 Июль 2018 12:52

Шымкент қаласының аудан әкімдері тұрғындармен күнделікті кездеседі

Аудан әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аптасына бір рет азаматтарды қабылдап келген аудан әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі. Қала активінің отырысында шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осындай тапсырма берді. 

- Бұрын азаматтарды аптасына бір рет белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығындажергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғнитұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс істеңіздер! Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, жұмысты дұрыс атқарғандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау – жұмыстың басты көрсеткіші, - деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.

Қала əкімі сондай-ақ аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертіп өтті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 944 times