Понедельник, 20 Август 2018 10:32

Түркістан облысы: Кентауда республикалық акция өткізілді

Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды жәнежаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді

Акцияға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық кәсіпкерлік бөлімі, қалалық білім бөлімі, жұмыспен қамту орталығықалалық партия филиалының қызметкерлері, қала және ауыл тұрғындары қатыстыАталаған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы жетекшілік еттіАкцияның негізгі мақсаты жайлы ол «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен азқамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну екендігін айтты. Іс-шараны өткізу барысында барлық қатысқан азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға жұмыспен қамту мәселелері бойынша білікті көмек, тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 746 times