Понедельник, 20 Август 2018 13:29

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай?

Бүгін Түлкібас ауданы әкімі аппаратының жоспарға сай кезекті мәжілісі өтті.Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. 

Атап айтсақ:

1.Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларының 2018 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша орындалуы; 

2.Ауылдық округ, поселкелерде «Шатқал» бағдарламасының орындалуы, санитарлық тазалық, тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру және көше бағаналары мен газ құбырларын сырлау бойынша атқарылған жұмыстар; 

3.Шақпақ ауылының автомобиль жолы бойындағы және базар аумақтарындағы ретсіз сауда орындарын ретке келтіру және «Түлкібас өнімдері» сауда қатарын ашу; 

4. Ауданның 90 жылдығына орай нысандардың дайындығы туралы және Майлыкент ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Есембаева Тамара Тұрарқызы 2018 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларының орындалуы туралы баяндап өтті. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Керімбеков Мырзахан Батырбекұлы ауылдық округ, поселкерде «Шатқал» бағдарламасының орындалуы, тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру және көше бағаналары мен газ құбырларын сырлау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, санитарлық тазалық бойынша атқарылып жатқан және атқарылатың жұмыстарға тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қозтаев Сәбит Талдыбекұлы аудан аумағындағы ретсіз сауда орындарын ретке келтіру мен бірге кәсіпкерлік нысандардың қасбеттеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар “Түлкібас өнімдері” сауда қатарын ашу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. 

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жанесен Марат Сүгірәліұлы ауданның 90 жылдығына орай нысандардың дайындығы туралы және Майлыкент ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасын жасап, аудан аумағында абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Н.Тұрашбеков күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқыланғаннан кейін бөлім басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, мерзімінде орындалуын өз бақылауына алатындығын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 889 times