Суббота, 25 Август 2018 11:40

Түркістан облысы: Әдеп жөніндегі уәкіл Түлкібас ауданында семинар өткізді

Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барып, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді. 

Семинарға аудан әкімінің орынбасары Жанесен Марат Сүгірәліұлы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ, поселке әкімдері, аудандық аурухана басшысы, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік тірек меңгерушілері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар барысында Әмірдин Мұхиденұлы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп кодексі талаптарының орындалуы туралы қысқаша баяндамасын жасап, ауданда жүргізген анонимдік сауалнаманың қорытындысына тоқталып, талқылап өтті. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен Әмірдин Мұхиденұлына ауданға арнайы ат басын бұрып, семинар өткізгені үшін ауданның мемлекеттік қызметшілері атынан алғысын білдіріп, семинарға қатысушыларға мемлекет мүддесі жолында атқарып жатқан еңбектеріне сәттілік тіледі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 979 times