Суббота, 25 Август 2018 13:35

Түркістанның бүгіні мен келешегі үшін талапқа сай жұмыс істеу – әрдайым назарда

Осы аптада Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың төрағалығымен өткен қалалық әкімдіктің кезекті апталық мәжілісінде Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылдың 7 айындағы болжамды орындалуы және қаладағы жер түгендеу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Бұл туралы тиісті бөлімдердің басшылары З.Бимбетова мен А.Абдикадиров баяндады. 

Күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі – қала көшелері бойындағы заңсыз құрылыстар мен қызыл сызықта орналасқан нысандар бойынша жүргізілген шаралар және жаңа статусқа сай қаланың келбетін қалыптастыру туралы кеңірек талқыланды. 

Сонымен қатар мәжіліс барысында қала басшысы облыс орталығы Түркістан шаһарында өтетін ауқымды шараларға қатысты тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Алдағы уақытта облыстық көлемдегі барлық іс-шаралар мен жоспарлы жұмыстардың шаһарда өткізілетіндігі және осы шаралардың өз деңгейінде өтуіне бір кісідей атсалысып, Түркістанның бүгіні мен келешегі үшін талапқа сай жұмыс атқаруды тағы да нақтылады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 840 times