Вторник, 28 Август 2018 03:47

Жетісай ауданы әкімі аппаратының құрамы жасақталды

Жетісай  ауданы әкімдігінде  өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев  жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын таныстырды. 

Сонымен, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың өкімімен тағайындалған аппараттың құрамы мынадай:

Асан Жақыпбекұлы Маханбетов  – аудан әкімінің орынбасары;Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы – аудан әкімінің орынбасары;Райымбеков Біржан Бекайдарұлы – аудан әкімінің аппарат басшысы;Темур Құрбанұлы Оралбеков – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;Ғалым Дүйсенбеков – аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы;Айнабек Алдабергенов – аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы;Нұрбақыт Егізбаев – аудан әкімі аппаратының  заң бөлімінің басшысы;Дүйсенбай Сүттібай – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы;

Жиын барысында Жетісай аудандық дербес бөлім басшылары да таныстырылды.  Аудан әкімінің өкімімен Серік Пірімбеков экономика және қаржы бөліміне, Омар Есенбеков ішкі саясат бөліміне, Айтбай Тілесов мәдениет бөліміне, Мырзабек Әбішев тұрғын үй және шаруашылық бөліміне, Сансызбай Сейдалиев сәулет және қала құрлысы бөліміне, Әділхан Әбжанов жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміне, Марат Әбуов ауыл шаруашылығы бөліміне, Данияр Толыбаев кәсіпкерлік бөліміне, Амангелді Ақпенов ветеринария бөліміне басшылық жасайтын болды.

Сондай-ақ, Жетісай аудандық білім бөлімі басшысының міндетін Тұрсын Мырзалиев, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін Амангелді Мұсабеков, жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін Серік Дабыров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы міндетін Нүркен Әлмеш, құрылыс бөлімі басшысының міндетін Мұса Абибуллаев атқаратын болды. Жиынды қорытқан аудан әкімі жаңа қызметке  тағайындалған лауазым иелеріне сенім білдіріп, алда ат0арылатын жұмыстарына табыс тіледі.

  «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Read 1003 times