Вторник, 04 Сентябрь 2018 18:11

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының аппараттық мәжілісінде үш мәселе қаралды

Тамыз айының соңғы аптасының сейсенбісінде Сарығыш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, ЖПҚ бастығы қатысты. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ауданда санитарлық тазалық жұмыстарының барысы және автожолдың бойындағы тазалық, пано, билбордтардың жағдайы мен жол бойында орналасқан нысандардың қасбеттері бойынша бір апта бұрын өткен аппараттық мәжілісте берген нақты тапсырмалардың орындалуы бойынша ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Сейтімбетов және ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаевтың хабарламалары тыңдалды. Тапсырмалардың өз уақытысында орындалуы туралы қала, кент, ауылдық округі әкімдеріне бірнеше ескертулер айтылды.

Сонымен қатар 2018 жылдың 8 айында аудан әкімінің берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Доспулов баяндады.

Күн тәртібінде қарастырылған үшінші мәселе, яғни аудандық бюджеттің 2018 жылдың тамыз айында және 8 айындағы игерілетін қаржының болжамы туралы ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Ноғаев баяндама жасап өтті. 

Аппарат мәжілісін қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелерге қатысты қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 820 times