Түркістан облысының жастары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі шыңды бағындырды
Жастар жылы аясында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты Өгем тауларына саяхат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында экотуризмді, альпинизмді, "Ұлы даланың жеті қырын", еліміздің киелі орындары мен тарихи мекендерді жастар арасында үлкендер үлгісімен кеңінен насихаттау.
- Published in Власть и политика