Іс-шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Дүйсебеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Серкебаев, облысқа қарасты аудан, қала Жастар ресрустық орталықтарының басшылары және ауданның ерікті, талантты жастары мен жалпы 50-ге тарта жас қатысты. Облыстық Жастар ресрустық орталығы басшысы бастаған бір топ жастарӨгем тауындағы теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікті көшпенділер ізімен, ат тұяғына салмақ сала отырып бағындырды. Бағындырылған бұл шыңға енді «ЖАСТАР ШЫҢЫ» атауы берілді, оған қоса қазақы дәстүрмен Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығы" мен "Жастаржылының" туы арнайы тігіліп, жастардың байрағы Өгем шыңынан асқақ аспанмен астасқандай көрініске ие болды. Сонымен қатар ту тігілген орынға арнайы құлпытас орнатылды. "Мақпалкөлдің" биігінде орналасқан шыңның аты Түркістан облысы жастарының құрметіне «ЖАСТАР ШЫҢЫ» болып аталды.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.