Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №14 секторда тұрғын үйлерді қалпына келтіру 97 пайызға жетті
Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бастаған ауданның бір топ зиялы қауым өкілдері Арыс қаласына арнайы барып, Түлкібас ауданы мен Алматы қаласына бекітілген №14 сектор аумағындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен тұрғын үйлерді аралап, жаңа қонысқа аяқ басқан тұрғындарға құттықтауларын жеткізіп, бірлік пен татулықтың арқасында іске асып жатқан игі істерге ақ баталарын берді.
- Published in Власть и политика