Түркістан: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңір жастарымен кездесті

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмыс тобы өңірдегі жастармен кездесу өткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Жастар жылының аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Облыс басшысы Түркістандағы құрылыс нысандарын аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Облыс басшысы алдымен салынып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Бүгінде ғимараттың құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда онда облыстық әкімдік пен басқармалардың және департаменттердің ғимараттарының құрылысы жүруде.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Түркістанға іссапармен келді

Түркістан облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс және Түркістан қалаларындағы құрылыс нысандарын аралады. Алдымен қор қаржыландыруымен күрделі жөндеуден өткен «Ақнұр» балабақшасында болып, балғындармен тілдесті. 65 жыл бұрын кірпіші қаланған ғимарат апат кезінде зардап шеккен. Бұдан кейін батырлар Аллеясын жаяу аралап өтіп, Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Жергілікті қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев Ясауи кесенесіне енгізілген жаңа кіру жүйесін сынақтан өткізді

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізді.

Түркістанда апталық аппарат мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен аппарат мәжілісінің кеңейтілген отырысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде алдымен Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен мен жол, кәріз жүйелерінің жаңаруы жайлы соңғы мәліметтер мен 2020 жылдан бастап елімізде енгізілетін атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері талқыланды. Сондай –ақ, Түркістан қаласын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары барысы бандалды.

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды

«Кәсіподақтар күні» мерекесі күні ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов Арыс қаласына арнайы келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеудесіне төсбелгі тақты.

Арыс қаласының бас қақпасының лентасы қиылды

Қаланың кіреберіс қақпасы - Арыс шаһарының тағы бір сәулетті туындысына айналды. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын мойнына алып, қаржыландырған - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы. Ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, тұрғындарға құттықтау тілектерін білдірді.

Қазақстан темір жолының төрағасы Сауат Мыңбаев пен Өмірзақ Шөкеев Арыста болды

Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан және Арыс қалаларының темір жол вокзалдарында болды. "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты.