Премьер-Министр мен облыс әкімі Түркістандағы аллеяда ағаш отырғызды
Түркістан – келешек жасыл желекті қала. Шаһар көркіне көрік қосу үшін көптеген тындырымды жұмыстар қолға алынуда. Облысқа жұмыс сапармен келген еліміздің премьер – министрі Асқар Мамин мен аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев «Нұртас Оңдасынов» аллеясында ағаш отырғызып, еліміздің барлық өңірлерінде болатын экологиялық сағат– жаңа республикалық акцияны бастап берді.