Түркістан облысы: Шардара ауданында жаңа мобильді қосымша насихатталды

Шардара ауданында "Egovmobile" жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға аудан әкімі аппаратының және ішкі саясат бөлімінің, маслихат аппаратының мамандары қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтааралда Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты кеш өтті

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мақтаарал ауданында салтанатты кеш өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, айтулы мерекемен барша мақтааралдықтарды құттықтады. 

Түркістан облысы: Жетісайда “Egov mobile” жаңа мобильді қосымшасы насихатталды

Жетісай ауданында “Egovmobile” жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі мен аудандық ХҚКО бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға әкімдіктің дербес бөлімдерінің, кенттер мен ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты. 

Түркістан: Президент Жолдауы – бизнесті дамытуда күшті ынта

Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында облыстың аудан және қалаларында белсенді түрде тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Арыс қаласында ерлік көрсеткендер Ақордада марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде және қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдарын жою барысында ерекше көзге түскен еліміздің азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды.

Түркістанда президент Жолдауына облыс ардагерлері үн қосты

Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. Жиынға аталмыш ұйымның мүшелері, қала, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, басқарма басшылары және зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан: «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 100-ден аса жоба жүзеге аспақ

Түркістан облысында «Ауыл -  ел бесігі» жобасы аясында 100-ден аса жоба жүзеге асады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді.

Түркістан облысы: облыстық ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласында болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын екшеп, халыққа кеңінен насихаттау үшін облыстық ақпараттық-насихат тобы аудан, қалаларға жолға шықты.