Түркістанда ҚР Президентінің Жолдауына байланысты актив отырысы өтті
Түркістанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты актив отырысы өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентінің Жолдауында айқындалған бағыттар еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.