Түркістан: электрондық қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді
Құқықтық статистика органдары мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Олар соттылығы туралы анықтама, әкімшілік құқықбұзушылық туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою. Бұл қызметтердің 3 түрін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады. Яғни сіз қызметті үйден шықпай-ақ электронды-сандық қолтаңба арқылы онлайн тапсырыс бере аласыз. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпараттық қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Мұқаш Ошаев мәлімдеді.