Түркістанда да, Арыста да құрылыс қарқыны бәсеңдемейді
Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіштер жөнінде баяндаған ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша нақты жұмыстар қолға алынатынын айтты. Президент бақылауында тұрған Түркістан мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына тоқталды.