Түркістан облысы: «Арыста радиация жоқ»

Арыс қаласында ауа, су сынамалары алынып, радиация мөлшері зерттелді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында құрылған штабтағы баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

Түркістан: сенаторлар облыстық штабтың жұмысын жоғары бағалады

Арыстықтардың жай-күйімен танысу үшін ҚР Парламенті Сенатының  Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Әли Бектаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев,  Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің мүшесі Әлімжан Құртаев Түркістан облысына арнайы келді.

Түркістан қаласының әкімі Арыста болды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Арыс қаласындағы Түркістан штабына барып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта Түркістан және Нұр-Сұлтан қалалары №9 секторға жауапты. 

Түркістан облысы: ардагерлер Қазақстан халқына үндеу жариялады

Бүгін Түркістан облысы және Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері бас қосты. Шымкент қаласындағы ардагерлер үйінде жиналған 40-тан аса жуық абыз ақсақалдар  24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына Үндеу жариялады.

Түркістан облысы: Арыс қаласы маңында арнайы жедел штаб жұмыс істеуде

Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданы Ақжол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы мектепте арнайы штаб жұмыс істеуде.

Түркістан облысы: Президент Қ.Тоқаев Арысқа келіп, жағдаймен танысты

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына келіп, жағдаймен танысты. Ел басшысына жағдайды баяндаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы штаб құрылып, қала тұрғындарының жаппай көшірілгенін хабарлады.

Үкімет басшысының орынбасары Арыс қаласына келді

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс қаласына келді. Үкімет басшысының орынбасары қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақтылы әрі сапалы орындалуы керектігін айтты.