Түркістан облысы: Арыс шаһарын жандандыруға белсенді азаматтар да атсалысады

Бүгін облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков Арыс қаласының белсенді азаматтарымен кездесті. Жиынға мәслихат депутаттары, ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрайымы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қала имамдары қатысты. 

Түркістан облысы: Арыс қаласының әкімі жарылыстан зақым келген үйін өзі жөндеп алмақ

Арыс қаласында бірде-бір балабақша жұмыс істеп тұрған жоқ. Жарылыс кезінде білім ошақтары ғимараттарының барлығына да зақым келген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Қадырбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы әкімдігінің мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі өтті. Аудан әкімдігінің мәжілісіне аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың хатшысы және депутаттары, ауданның бірқатар мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында әдеп жөнінде семинар-кеңес өтті

Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтаарал ауданына арнайы іссапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу. 

Түркістан облысы: Арыстағы қарағандылықтардың секторында құрылыс қарқынды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Арыс қаласына келді. Өзі басқаратын өңірге тапсырылған аумақтағы құрылыс барысымен танысуға арнайы келген ол Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге тұрғындармен кездесті. 

Түркістан облысы: Арыс қаласы халқына әлеуметтік көмектің 5 бағыты түсіндірілді

Бүгін қалалық мәдениет үйінде Өмірзақ Шөкеев арыстықтармен кездесті. Көше белсенділері, ардагерлер, қоғамдық ұйым төрағалары және қала белсенділерімен өткен жиындаоблыс әкімі әлі күнге қалада төтенше жағдайдан жапа шеккендерге берілетін мемлекеттік көмектерге қатысты түрлі қауесеттің желдей есіп жүргеніне тоқталды. 

Түркістан облысында аттракциондардың қауіпсіздк талаптарына қатысты ұлттық стандарт енгізілді

Өңірлік штаб отырысында «Ойын-сауықтыру аттракционадырын қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз ету, стандарттаудың халықаралық моделіне көшу және Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңы» талқыланды. Қазіргі таңдаҚР «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды іске қосу және пайдалану барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандарты бекітілген және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.