Түркістан облысы: Отырар ауданында мемлекеттік қызметшілер және полиция күні аталып өтті

Отырар ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер және полиция күні мерекелері салтанатты жағдайда аталып өтті. Қос мерекеде аудан әкімі Ерлан Айтаханов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, осынау қиын да жауапты салада еселі еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға құрмет көрсетті.

Түркістан облысына бір жыл толуына орай мерекелік концерт өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті. Бұл мереке алғаш рет тойланып отыр. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Сол қысқа уақытта  тарихи оқиғалар мен өзгерістерді бастан өткерген түркістандықтар мен қала қонақтары «Есімхан» алаңында Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кешін тамашалады.

Түркістан облысында «Қазақстан полициясы күні» аталып өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясы күніне» 27 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында қауіпті қызмет бабында қаза тапқан батыр полицейлерді еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою, полиция қызметкерлерінің ант қабылдауы, сонымен қатар ардагерлерімізді марапаттау рәсімдері болды.

Түркістан облысы: Келес ауданында шегірткемен күрескендер марапатқа ие болды

Түркістан облысы, Келес ауданында Марокко шегірткесіне қарсы дәрілеу жұмыстарында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды. Шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау, оларды жоюды сапалы әрі уақтылы аяқталу үшін Келес ауданы әкімдігі тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.

Түркістан: Төлеби ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Төлеби аудандық мәдениет үйінде 23 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ауданның мемлекеттік қызметшілерін құттықтады.

Салтанатты мерекеде аудан әкімі Б.Омарбеков сөз алып: «Осыдан 20 жыл бұрын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заң Қазақстандағы қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілер әрбір саяси реформамен жүктелген міндеттерді кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!»,-деді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге уәде берді. Шара барысында түрлі дәрежедегі еңбек өтілі бар 20 мемлекеттік қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік қызметкер облыстық мәслихат грамотасымен, 7 мемлекеттік қызметші аудандық мәслихат грамотасымен марапатталды. Жиын соңында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен концерттік бағдаралама қойылып, Төлеби аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің патриотизмге шақыратын әндері шырқалды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен, көлік инфрақұрылымымен танысты. Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді. ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты.  Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және 2020 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған. ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.

Түркістан облысы: Арыстағы төтенше жағдай салдарынан зақымданған 258 кәсіпкерлік нысаны қалыпқа келтіріледі

Арыс қаласында облыс басшылығымен өткен кездесуде жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдікпен берілетін несиелер туралы ақпарат берілді. Іс-шараға қатысқан арыстық кәсіпкерлердің сұрақтарына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімнің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров жауап берді. 

Түркістандық АИТВ жұқтырған балалар Сан-Францискодағы конференцияға қатысады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев 2006-2008 жылдары АИТВ жұқтырған балалармен кездесті. Басқосу барысында есейген балалар өздерін таныстырып, қоғаммен бірге еркін өмір сүріп, барлық қолдаумен қамтамасыз етілгендерін жеткізді. Балалармен кездескен облысы әкімінің орынбасары әрбір балаға ерекше қамқорлық көрсетілетін айтып, барлығына 2020 жылы Сан-Франциско қаласында болатын АИТВ-ға арналған халықаралық конференцияға жолдама берілетінін жеткізді. Өз кезегінде ата-аналар тарапынан сөз алған Әлия  Масаурова өз ұлының бүгінде алғырлығымен, білімділігімен ерекшеленетінін айтты.