Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Түркістанды заман талабына сай дамытамыз»
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын. Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығында баспасөз-конференциясын өткізді. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірдің төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.