Түркістанда азаматтық форум өтті

Түркістан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық VIII Азаматтық форумы өтті. Екі жылда бір рет өткізілетін аталмыш форум — қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерінің арасындағы өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл жүргізу үшін құрылған сұхбат алаңы. Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында 2 пленарлық секция өтті.

Түркістанда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХХХV конференциясы өтті

Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясы өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ.Жұмашев, облыс әкімі Ж.Түймебаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, партия филиалының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістанда халықаралық журналистер форумы өтті

Түркістан қаласында «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық журналистер форумы өтті. Оған елімізбен қатар Түркия, Қырғызстан,  Әзірбайжан және Татарстан елдерінің ақпараттық агенттіктері мен белді басылымдардың жетекшілері, Түркістан облысындағы БАҚ басшылары мен өкілдері ғалымдар және студенттер  қатысты.

Түркістанның жаңалықтары түркітілдес елдерге де тарайды

Бүгін Түркістан қаласында өткен «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық медиа форумда бірнеше мемлекеттің БАҚ жетекшілерімен меморандумға қол қойылды. Осы құжат негізінде Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикаларының жетекші ақпарат құралдары мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік орнатылды.

Түркістан облысы: Созақта Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті

Сейсенбі, яғни, 30 қазан күні Созақ ауданындағы Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінде «Заманға сай жаңғыру - баршамыздың басты міндетіміз» атты тақырыппен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні елімізге жолдаған жолдауын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында жиын болып өтті.

Түркістан қаласы 3 аймақ бойынша дамитын болады

Түркістан қаласының дамуы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған даму концепциясы жасалынып, Түркістан қаласын 3 аймақ бойынша дамыту жұмыстары әзірленуде. Атап айтқанда, тарихи киелі аймақ - 89 гектар; құрылыс салуды реттеу аймағы - 98 гектар; әкімшілік-іскерлік орталығы - 700 гектар аумақта орналасқан. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Орталық коммуникация қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте мәлімдеді.

Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды

Бүгін, яғни 31 қазан күні Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы мен «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылды. Салтанатты шараға елімізбен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикалары ақпарат құралдарының  жетекшілері мен өкілдері қатысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орталықтардың жұмысына сәттілік тілеп, бұл қадам Түркістанның Түркі әлемінің рухани әрі ақпараттық орталығына айналуына серпін беретінін жеткізді.

Түркістан қаласы маңында жаңа су қоймасы салынады

«Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймаларындағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқоймасын салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақТүркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқоймасын салу бойынша құжаттарды әзірлеп,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс». Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап.