Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды

Бүгін, яғни 31 қазан күні Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы мен «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылды. Салтанатты шараға елімізбен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикалары ақпарат құралдарының  жетекшілері мен өкілдері қатысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орталықтардың жұмысына сәттілік тілеп, бұл қадам Түркістанның Түркі әлемінің рухани әрі ақпараттық орталығына айналуына серпін беретінін жеткізді.

Түркістан қаласы маңында жаңа су қоймасы салынады

«Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймаларындағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқоймасын салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақТүркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқоймасын салу бойынша құжаттарды әзірлеп,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс». Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі – Түркістан облысында

Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата мен елшіліктің екінші хатшысы Хидэаки Ямадзуми Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы сөз болып, Жапония елшілігі мен Түркістан облысы, Түркістан қаласы арасында серіктес ретінде жұмыс істеу жайы кеңінен талқыланды. 

Рухани жаңғыру Түркістан төрінен басталады

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 18 қазан «Рухани келісім күніне» орай «Рухани жаңғыру Түркістан төрінен басталады» атты тақырыпта кеңейтілген мәжіліс өтті. 

Түркістан облысы: Жолдауды насихаттау үшін сенаторлар Төлебиге ат басын бұрды

Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Төлеби ауданына арнайы іссапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев, Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев сынды азаматтар келіп, аудан активімен және тұрғындармен кездесті. 

Түркістан облысында өткен қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезінде не айтылды?

Жуырда Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша Қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, «НұрОтан» партиясының аудандық, қалалық филиалдарының бірінші орынбасарлары, Қоғамдық кеңестердің облыстық, қалалық, аудандық төрағалары мен мүшелелері, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысының орталығында мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Қазанның 25-інде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыс орталығы Түркістанда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылу салтанаты өтті. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімдігі мәжіліс өткізді

Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ашып жүргізіп отырды. 
Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның тиісті мекеме басшылары шақырылған. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.