Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының конференциясы өтті
Кезекті ХХХVІ есеп беру, сайлау конференциясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды.
Кезекті ХХХVІ есеп беру, сайлау конференциясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды.
«Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті ХХХV конференциясы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Саяси маңызы зор жиынға аудандық мәслихат хатшысы М.Нақыпбеков және мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып отырды.
Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Еңбек және халықты қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сәдуақасова Дәмежан Төлеубайқызы арнайы келіп, аудан тұрғындармен кездесті.
ҚР Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум түзілді.
ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке республикалық ақпараттық-насихат тобы іс-сапармен келді. Сол топтың бірінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова бар. Мәртебелі қонақтарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бастап алып жүрді.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Елбасының Жолдауына қолдау көрсетіп, талқылау мақсатында қала жастарымен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының жастарға арналған басым бағыттары сөз болды. Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы білім беретін мекеменің шәкірттері қатысты.
Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Аудан әкімі Б.Асанов төрағалық еткен жиынға партия мүшелерімен қатар 2 кент пен ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымдарының делегаттары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сәрсенбі, 24 қазан күні Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы болып өтті. Конференцияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.