Түркістан облысында цифрлық жерсеріктік және эфирлік желілері бойынша қосылған абоненттер саны 362 мыңнан асады
Бүгін Үкіметте селекторлық жүйеде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мәселелері қаралды. Премьер-Министр Б.Сағынтаев аймақтарды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуді дер кезінде қамтамасыз етуді тапсырып, цирфлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің маңызы зор екендігіне тоқталды.