Магистралді салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама былтыр әзірленген. Оған облыстық бюджеттен 88 миллион теңге бөлінді. Ауданды газдандыру үш кезеңнен тұрады, бірінші кезеңі басталып кетті. Жалпы, Арыс қаласы бойынша (елді мекендерді қоса алғанда) халықтың саны 75000 адамды құрайды. Соның 50000-ы қала тұрғыны саналады.
«Биыл бір жарым млрд. теңге бөлінді. Осы ақшаның есебінен жұмыстар атқарылып отыр. Мердігерлер кестеге сәйкес жұмыс істейді және мерзімінде салып, аяқтауда. Арыс қаласына қарасты 32 елді мекен бар. Солардың 25-інің тұрғындарын 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылға қарай қаланың өзін 95 пайыз газдандыру жоспарланып отыр» дейді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.