«Елі тату, жері берекелі Сарыағашта көптеген жұмыстар жасалуда. Республикадағы жылыжайлардың 50 пайыздан астамы осы өңірге тиесілі. Биылғы жылдың өзінде 61 842 гектар жерге егіс егіліп отыр. Дейтұрғанмен, жыл сайын егіс көлемін, өнім көрсеткішін арттыра түсуіміз керек. Жалпы, бұл ретте, Сарыағаш ауданы көш бастап тұр. Сондықтан бүкіл Сарыағаш халқына, өңірдің шаруаларына үлкен алғысымды білдіремін»,- деді Жансейіт Қансейітұлы. Сондай-ақ, мерекеде ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда қой еті мен сүт өнімдері, көкөністер арзандатылған бағада сатылды. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген құрылымдар мен еңбек озаттары марапатталды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»