«Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Уақыт өте келе қала тұрғындарынан біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейлінше ұлғайды. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжық өнімінің 15 түрі шығарылады», – деді Насиба Сабырқызы. Бүгінде кәсіпкер өз есебінен жобаға қосымша 800 млн. теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Қазіргі таңда мекеме Түркісан қаласын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтап отыр.
Сондай-ақ, аймақ басшысы құрылыс заттарын шығарумен айналысатын «Яссы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де аялдады. Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, отандық кәсіпорынның өнім шығару әлеуетімен кеңінен танысты. «Яссы құрылыс» 2012 жылы құрылған. Қазіргі таңда өндіріс орнында 120 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 138 000 тонна темір бетон бұйымдарын шығарып, ішкі нарықты отандық құрылыс заттарымен қамтамасыз етіп отыр.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»