Суббота, 01 Декабрь 2018 08:42

Сайрам ауданына 13,9 млрд. теңге инвестиция тартылған

Сайрам ауданында 2018 жылдың 10 айында 13,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Облыс көлемінде инвестиция бойынша ауданның үлесі 6,5 пайызды құрайды. Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызды құраған.Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді.

«Өңірде 324 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 992 жұмыс орны ашылған. 2018 жылы кәсіпкерлік саласында 85,8 млрд.теңгенің өнімін өндіру жоспарланып, 10 ай көлемінде 93,7 млрд.теңге өнімі өндірілген. Нәтижесінде жылдық жоспар 109,2 пайызға орындалған. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 10 ай көлемінде 5 жобаға 103 млн.теңгеге қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлікті қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы 8 мыңға жуық адамға 4 млрд. 367 млн.теңге несие берілген», - деді Бақтияр Сапарәліұлы.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша аудандағы 42 елді мекеннің 97,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Табиғи газбен аудандағы 42 елді мекеннің 19 елді мекені немесе 45,2 пайызы қамтылған. Даму концепциясына сәйкес 2018-2021 жылдар аралығында 23 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудандық маңызы бар 8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу және 72,7 шақырым 66 ішкі жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына барлығы 1735,1 млн.теңге бөлінген. Сонымен қатар, 18,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, нәтижесінде 81,1 шақырым жолдың жағдайы жақсарып, аудандағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 8,2 пайызға өскен.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 584 times