Сонымен бірге, аудан басшысының айтуынша, ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 10 айының қорытындысымен 29 892,2 млн. теңгені құраған. «Ауданда ет өндіру ағымдағы жылдың 10 айында 13 864,7 тонна, сүт - 43 738,3 тонна, жұмыртқа - 14,5 миллион дананы құрады. Бұдан өзге, осы кезеңде 165 гектарға бау егу жоспарланса, меже 156,4 пайызға орындалып 258 гектарды құрады. Сонымен қатар, жаңғақ егу 250 гектарға жоспарланып, қазіргі таңға 257,5 гектар, таңқурай шаруашылығына 75 гектарға жоспарланса, 80,9 гектарға, жүзім бау шаруашылығына 10 гектарға жоспарланып, жоспар 100 пайызға орындалды», - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Түлкібас ауданында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспарда 147 бас сатып алынып жоспар 196 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 164 бас сатып алынып 155 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 450 бас алынып 134,7 пайызға өскен. Сондай-ақ, ауданда барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында 18 775,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,8 пайызға артты. Ал бөлшек сауда тауар айналымы қорытындысымен 5 799 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға артқан.
«Түлкібас ауданында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың 10 айының қорытындысымен, жалпы өңірлік өнім 60 974,4 млн. теңгені құрап, жан басына шаққанда 550,3 мың теңгеге өсті. Сондай-ақ, ауданға тартылған инвестициялар көлемі 8 129,1 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 1 653,5 млн. теңге - республикалық бюджет есебінен, 2 752,6 млн. теңге - жергілікті бюджет есебінен, 3 722,7 млн. теңге - кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен салынған инвестиция. 2018 жылдың қорытындысымен 13 млрд.теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда», - дейді Нұрбол Тұрашбеков.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»