Ресейліктер жылыжай салынатын жердің географиялық орны жобаға қолайлы екенін, тек нысанға инфрақұрылым жүйесін тарту керек деп отыр. «Қазіргі таңда жалпы құны 1,1 млрд. долларды құрайтын 500 га аумаққа жылыжай кешенін салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл кешен – ауданның экономикасын көтеретін ауқымды жобаға айналады. Жылыжай кешені іске қосылса, жаңадан 10 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Кешен заманауи технологиямен жұмыс істейтін болады. Біз «Казахстан Инвест» компаниясымен осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға қатысқанымызға өте қуаныштымыз», – деді «Эко-культура» компаниясының директоры А.Рудаков.
Өз кезегінде өңір басшысы жобаға инфрақұрылым тарту мәселесі алдағы уақытта оң шешімін табатынын айтты. Өңірдегі жылыжай кешені голландық технологиямен жұмыс істейтін болады. Ал, мамандарды арнайы Ресейде ақысыз түрде оқыту жоспарлануда. Мұнда өндірілетін қызанақ пен қияр ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»